«Астана» Жетісу жерінде жеңіске жетті

«Астана» Жетісу жерінде жеңіске жетті

Футболдан  Қазақстан премьер лигасының екінші турында ел чемпионы «Астана» Жетісу жеріне қонаққа барды.

Бірінші турда өз алаңында «Тобылдан» жеңіліп қалған «Жетісу»  бүгінгі ойында қалай да ұпай ұстауды мақсат тұтып шыққаны анық. Алайда, «Астана» төрт жыл қатарынан жайдан жай чемпион болмағанын кездесудің бірінші таймында ақ дәлелдеп тастады. Ойынның алғашқы жартысында Твумаси мен Щеткин соққан екі гол қонақтарға үлкен басымдық әкелді.

Кездесудің екінші таймында елордалық команда осы есепті қанағат тұтса, алаң қожайындарының қолынан есепті қысқарту келмеді. 

Екі турдан кейін алты ұпай жинаға <span>«Астана» көш басында. Ал «Жетісу» ұпай иеленген былай тұрсын Қазақстан премьер лигасының биылғы маусымында әлі гол соққан жоқ. </span>

<span>«Жетісу»</span> – «Астана»- 0:2 (0:2)

Голдар: Твумаси 27, Щеткин 45+2

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или