Қызылордалық «Қайсар» Премьер-лигаға өтпеуі мүмкін
<p style="text-align: justify;">
<strong>Биыл 1-ші лигада топ жарып Премьер-лигаға алдын-ала жолдама алып қойған қызылордалық «Қайсар» футбол клубындағы жағдай мүшкіл.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Sportsarap.com тілшісіне белгілі мәліметтер бойынша, 2013 жылы команда басшылығы ойыншылар мен қызметкерлер алдындағы қарызын толықтай өтемеген. Қазақстан Футбол Федерциясы тарапынан да бұл жайлы ескертулер жасалды. Сондай-ақ команданың жаттығу базасы салынып бітпеген. Қосалқы алаңындағы қайта жөндеу жұмытстары да тоқтап тұр. Алайда ең басты мәселе - ойыншылар алдындағы қарыз. Егер клуб футболшылардың жалақысын толық өтемесе ҚФФ команданы Премьер-лигаға өткізбейді.</p>
<p style="text-align: justify;">
Команда тағдырына бей-жай қарамайтын қызылордалық жанкүйерлер аталған мәселелерді көтеріп облыс әкімі Қрымбек Көшербаевтың атына хат жазды. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или