«Астана» гимнінің тұсауы кесілді. Видео

«Астана» гимнінің тұсауы кесілді. Видео

Gakku музыкалық арнасында «Астана» футбол клубының «Бірге» әніне түсірілген бейнебаянының тұсауы кесілді.

Өткен жылдың соңында танымал қазақстандық әншілер Қайрат Баекенов, Luina және Нұржан Керменбаев елордалық команданың жеткен жетістіктерінен жігер алып, клубтың «Бiрге» («Вместе») деп аталатын әнін орындап шыққан еді.

<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Аздаған уақыттың ішінде аталмыш туынды отандық жанкүйерлер арасында ерекше танымалдылық жинап, артынша осы әнге бейнебаян түсірілген болатын. Бүгін осы бейнебаянның тұсауы Gakku арнасының эфирінде кесілді. Бейнебаянның бір қызығы әнді танымал әншілерден бөлек, «Астана» футбол клубының негізгі ойыншылары - Абзал Бейсебеков, Дмитрий Шомко, Иван Маевский, Ненад Эрич, Ласло Кляйнхайслер, Патрик Твумаси және Джуниор Кабанангалардың қосыла шырқағанында.</span>

<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/No_XUuzQM_k" frameborder="0" allow="autoplay; encrypted-media" allowfullscreen></iframe>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или