«Шахтердің» ойыншысы Черногория құрамасына шақырту алды
Қарағандылық «Шахтердің» жартылай қорғаушысы Дамир Кояшевич Черногория құрамасына шақырту алды.
23 наурызда Любиш Тумбакович шәкірттері Никосияда Кипрмен, ал 27 наурызда Подгорицада Түркиямен жолдастық матч өткізеді.
Кояшевич осы сенбідегі «кеншілердің» «Тобылға» қарсы матчынан кейін құрама сапына аттанады.
Айта кетейік, 30 жастағы футболшы Черногория ұлттық құрамасы сапында 6 матч өткізіп, бір гол соққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или