«Ақтөбе» сербиялық футболшыға 200 миллион теңге қарыз
Сербиялық шабуылшы Неманья Николич соңғы сұқбатында «Ақтөбеден» қалай кеткенін айтты.

- Сіз «Ақтөбе» сапына 2016 жылы ауысып, бар болғаны бес ойынға ғана қатыстыңыз. Клуб сізге 150 миллион теңгеден көп ақша қарыз екен. Бұл жағдай қалай болды?

- Иә, мен «Ақтөбеге» «Ростовпен» келісімшартым аяқталғаннан соң ауыстым. Қазақстан біріншілігінде бірнеше ойынға қатыса алдым. Дегенмен бұл клубта ары қарай да өнер көрсете бергім келді. Бірақ кейіннен клубтың басшысы ауысты. Дмитрий Васильевтің орнына Мақсат Түймалиев келді. Ол орнына тағайындалғаннан кейін біраз күн өткен соң менің электронды почтама «Ақтөбенің» менімен біржақты келісімшартты бұзатыны туралы хат келді. Мен ешқандай ережені бұзған жоқпын. Ешқашан ешкімге «Ақтөбеден» кеткім келеді деп айтқан емеспін. 2017 жылдың қаңтарында жаңа маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарына дайындалып жатыр едім. Клуб осындай шешім шығарды.

- «Ақтөбеден» нақты қанша ақша өндіріп алуды ойлап отырсыз?

- Шамамен 200 миллион теңген.

- «Ақтөбе» сапында өткізген аз уақытыңыз несімен есте қалды?

- Бұл команда сапында ойнағаныма қуаныштымын. "Ақтөбеде" Қазақстанның үздік жанкүйерлері жиналған.
Уалихан Қосанбай