Арда Туранның некеге отыру рәсімінде Түркия президенті куәгер болды

Арда Туранның некеге отыру рәсімінде Түркия президенті куәгер болды

«Барселонаның» бұрынғы жартылай қорғаушысы Арда Туран шаңырақ көтерді.

Туранның некеге отыру рәсіміне Түркияның президенті Реджеп Эрдоган келіп, куәгер болған.

Қонақтар қатарында Эрдоганның әйелі, сондай-ақ, Туранның бауыры «Истанбул Башакшехир» ойыншысы Эмре Белезоглу келді.

Айта кетейік, биылғы қысқы трансфер кезінде Арда Туран «Барселонадан» түркиялық «Истанбулға» ауысқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или