Твумаси – «Ақжайыққа» қарсы кездесуде ең көп соққы бағыттаған ойыншы
Ойыншылардың барлық статистикалық көрсеткіштерін есептейтін Instat компаниясы «Астана» - «Ақжайық» арасындағы кездесудің нәтижелерін жариялады.
Instat статистикасы бойынша аталмыш кездесуде ең көп соққы бағыттаған ойыншы Патрик Твумаси. Ганалық ойыншы алаңда небәрі 31 минут өткізгендігіне қарамастан, оралдық команда қақпасына 4 соққы жасаса, тек соның біреуі ғана қақпаға тура бағытталған.
Ал Марин Томасов бір соққыға кем бағыттаса, Серікжан Мужиков пен Сергей Малыйдың еншісінде екі соққыдан бар.
Ал егер Instat Index туралы айтар болсақ, ойынның үздік ойыншысы Марин Аничич. Оның нәтижесі 275-ке тең.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или