Асланбек Кәкімов: Бұл ойын біз үшін өте маңызды болды

Асланбек Кәкімов: Бұл ойын біз үшін өте маңызды болды

«Ақтөбе» сапында «Қайсарға» гол соққан гол авторы Асланбек Кәкімовтің матчтан соң клубтың баспасөз қызметіне сұқбат берді.

- Бүгінгі ойын біз үшін өте маңызды болды. Себебі, бүгін тек өзіміздің ақтөбелік футболшылар ойнады. Оған қоса, дубльден ойыншылар қосылды. Бәріміз тек осы Қызылордада жиналдық, матчқа бірігіп дайындалуға уақытымыз да аз болды. Ойын біз үшін қиын болды. Қорғанысқа көңіл бөліп ойнадық. «Қайсар» бірінші таймды қарқынды бастады, біз қарымта шабуылға иек арттық. Кейін бізде де жақсы мүмкіндіктер пайда бола бастады. Екінші таймда сенімді ойнап, Абаттың (Айымбетов) арқасында пенальтиге ие болып, есеп аштық. Қарсыластың шабуылдарын, мүмкіндіктерә көп болғанын айта кетуіміз керек. Бірақ біздің қақпашымыз Игорь (Трофимец) «Буффонға» айналып, керемет сейвтерін көрсетті (күледі). Ол бүгінгі матчтың қаһарманы. Жалпы бүгін алаңға шыққан барлық ойыншылар ерлік көрсетті.

Осы жеңісті бізге сенген Ақтөбенің, Қазақстанның барша жанкүйерлеріне арнаймыз. 2- ші турда Павлодар қаласында ойнаймыз, тек жеңіс үшін ойнағымыз келеді.

Айтпақшы, ойыннан кейін әлеуметтік желілерге шығып кеткен видеомды айта кетейін. Ол видео тек бір адамға ғана арналған болатын. Ол менің жақын танысым, досым десе де болады. Ол ойын алдында бізге сенбей, арамызда тартыс болып қалған болатын. Ол «Бүгін сендер жеңілесіңдер, 4-5 гол жібересіңдер» деген еді. Матчтан кейін эмоциям ішіме сыймай салып жіберген едім. Ол видеомен жанкүйерлерді, басқа да адамдарды ренжіткім келген жоқ. Бір адамға арналған видео болғанымен, желілерге шығып тарап кеткендіктен, басқа қаланың жанкүйерлері дұрыс түсінбей қалуы мүмкін. Мен барлық жанкүйерлерді сыйлаймын, командаларын құрметтеймін, - дейді Асланбек

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или