Асланбек Кәкімов: Ойын біз үшін өте қиын болды

Асланбек Кәкімов: Ойын біз үшін өте қиын болды

Қызылорда қаласында өткен жергілікті «Қайсар» мен «Ақтөбе» кездесуінде гол соғып, қонақтарды жеңіске жетелеген Асланбек Кәкімовтың матчтан кейін ақтөбелік клубтың баспасөз қызметіне берген сұқбаты.

-Бүгінгі ойын біз үшін өте маңызды болды. Себебі, бүгін тек өзіміздің ақтөбелік футболшылар ойнады. Оған қоса, дубльден ойыншылар қосылды. Бәріміз тек осы Қызылордада жиналдық, матчқа бірігіп дайындалуға уақытымыз да аз болды. Ойын біз үшін қиын болды. Қорғанысқа көңіл бөліп ойнадық. «Қайсар» бірінші таймды қарқынды бастады, біз қарымта шабуылға иек арттық. Кейін бізде де жақсы мүмкіндіктер пайда бола бастады. Екінші таймда сенімді ойнап, Абаттың (Айымбетов) арқасында пенальтиге ие болып, есеп аштық. Қарсыластың шабуылдары, мүмкіндіктері көп болғанын айта кетуіміз керек. Бірақ біздің қақпашымыз Игорь (Трофимец) Буффонға айналып, керемет сейвтер жасады. Ол бүгінгі матчтың қаһарманы. Жалпы бүгін алаңға шыққан барлық ойыншылар ерлік көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или