Бахтиер Зайнутдинов «Астана» сапындағы алғашқы кездесуін өткізді

Бахтиер Зайнутдинов «Астана» сапындағы алғашқы кездесуін өткізді

Қазақстан Премьер лигасының алғашқы турында «Астана» оралдық «Ақжайықты» өз алаңында қабылдап, 3:0 есебімен тас-талқан етті, деп жазады елордалық клубтың ресми сайты.

<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Осы кездесуде алаңға қосалқы құрамнан жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов шыққан болатын. </span>

<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">«Тараз» футбол клубының тәрбиеленушісі «Астананың» құрамына осы маусымның алдында келіп қосылған еді. Осылайша, 19 жастағы футболшы елордалық ұжым сапындағы алғашқы ресми кездесуін оралдық командаға қарсы өткізді.</span>

<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Естеріңізге сала кетейік, Бахтиер жақында ғана Қазақстан Ұлттық құрамасына шақырту алған болатын. Және де өткен маусымда Премьер-Лиганың үздік жас ойыншысы атанған еді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или