«Астана» «Ақжайықты» тас-талқан етті
Елордалық «Астана» 2018 жылғы ел Премьер-лигасының алғашқы матчын өз алаңында өткізді.
Ел чемпионы 1-турда «Астана Аренада» оралдық «Ақжайықты» қабылдаған. «Астана» батысқазақстандық қарсыласын оңай ұтты.
9-минутта Марин Томасов алаң иелерін алға шығарған. Алайда екінші голды жанкүйерлер ұзақ күтіп қалды. Тек 75-минутта Сергей Малый есепті еселеді. Араға бес минут салып Серікжан Мужиков матчтың нүктесін қойды. Қорытынды есеп – 3:0, «Астана» «Ақжайықты» тас-талқан етті.
Бұл алғашқы турдағы жалғыз ірі жеңіс саналады. Сондықтан, «Астана» турнир кестесінде бірден көш бастады.
«Астана» - «Ақжайық» 3:0 (1:0)
Голдар: Томасов 9, Малый 75, Мужиков 80
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или