«Ордабасы» маусымды жеңіспен бастады

«Ордабасы» маусымды жеңіспен бастады

Шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында қарағандылық «Шахтерді» жеңді.

Ел чемпионатының алғашқы турында «Ордабасы» «кеншілерді» қабылдаған. Бірінші тайм алаң иелерінің басымдығымен өтіп, Еркебұлан Тұңғышбаев гол соқты.

Үзілістен кейін «Шахтердің» жаңа ойыншысы Дамир Кояшевич таразы басын теңестіріп тастады. Бірақ 64-минутта Иван Нагаев алаң иелерін қайта алға шығарды. Есеп – 2:1, «Ордабасы» маусымды жеңіспен бастады.

 

«Ордабасы» - «Шахтер» 2:1 (1:0)

Голдар: 1:0 – Тұңғышбаев 22, 1:1 – Кояшевич 51, 2:1 – Нагаев 64

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или