«Ақтөбе» банкрот болуы мүмкін
«Ақтөбе» футбол клубы қарыздарын өтей алмаса, банкрот болуы мүмкін. Бұл туралы клубтың бас директоры Самат Смақов айтты.
«Қарыздар 2014-тен 2017 жылға дейін созылып жатыр. Бюджет бекітілген соң, маған ешкім үстіне ақша қоспайды. Қазір Ақтөбе облысының басшылығы жағдайдан шығу үшін түрлі амалдар іздеп жатыр. Шынымды айтсам, жалғыз ғана жолы бар – бұл клубқа көмектескісі келетін демеушілер табу. Егер демеуші таппасақ, қаламыз «Ақтөбе» футбол клубынан айырылуы ықтимал – банкрот болуы мүмкін. Әрине, мұны қаламаймыз және мен бұған жол бермеуге тырысамын. Бірақ заң солай, оның үстіне, клуб жекешелендіруде тұр. Қарызы бар клубты кімнің сатып алғысы келсін? Егер жағдай өзгермесе, клуб банкрот болады. Сол кезде қарызы бар футболшылар еңбекпен тапқан ақшасын ала алмай қалады. Күн сайын жағдайдан шығатын жол іздеп, футболшылармен сөйлесіп жатырмын», - деді Смақов клубтың баспасөз-қызметіне.
Айта кетейік, «Ақтөбе» өтелмеген қарызы болғандықтан, маусымды тек өз түлектерімен ғана бастайды.