Мессидің үшінші баласы дүниеге келді

Мессидің үшінші баласы дүниеге келді

Әлемдегі үздік футболшылардың бірі, "Барселона" клубының шабуылшысы Лионель Мессидің үшінші ұлы дүниеге келді, деп хабарлайды sputniknews.kz сайты.

Каталондық клуб сенбі сайтында Мессидің Испания чемпионаты ойынына жеке басына қатысты себептер бойынша қатыспайтынын хабарлады.

Mundo Deportivo ақпараты бойынша сенбіге қараған түні футболшының үшінші баласы дүниеге келді. Месси инстаграмдағы парақшасында сәбидің қолы түсірілген фото жариялап, "бәрі керемет өтті" деп жазды. 

"Сәлем, Чиро! Анасының да, сәбиінің де жағдайы жақсы. Біз өте бақыттымыз!", — деп жазды Месси. 

Месси мен Антонелланың екі үлкен баласы бар — Тиаго (2012 жылы 2 қарашада туған) мен Матео (2015 жылы 11 қыркүйекте өмірге келді).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или