Сейдахмет жанкүйерлеріне алғысын жеткізді
«Уфаның» қазақстандық шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет бүгін Ресей чемпионатында дебютін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
22-тур аясында «Анжиге» қарсы матчта (3:2) отандасымыз екінші таймға ойынға араласта. Алаңға шыға салысымен екі нәтижелі шабуылды бастап берді. Сондай-ақ сары қағаз алды. Ал ойын аяқталуына санаулы минуттар қалғанда бас бапкер Еркебұлан Сейдахметтің орнына тағы бір қорғаушыны шығарды.
Ойыннан соң жас футболшы <span>Instagram желісіндегі парақшасында жанкүйерлеріне қолдауы үшін алғысын айтты:</span> «Жеңіс. Барлықтарыңызға қолдауларыңыз үшін көп рақмет», — деп жазды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или