Семак: Еркебұлан өзіне тапсырылған міндетті жақсы орындады
Бүгін футболдан Ресей чемпионаты аясында «Уфа» мен «Анжи» кездесіп, алаң иелері 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Кездесу барысында «Уфа» командасының су жаңа ойыншысы Еркебұлан Сейдахмет өзінің клуб үшін алғашқы кездесуіне шыққан болатын.
Ойыннан соң «Уфа» клубының бас бапкері Сергей Семак қазақстандық ойыншы жайында айтып өтті.
«Кейбір сәттерде оған агрессия жетпеген сияқты. Әсіресе қорғаныста. Ал шабуылда ширақ қимылдады. Екі гол соғуымызға септігін тигізді. Біз оның әлі жас екенін түсінеміз. Оның мықты тұстары да бізге мәлім. Алаңға бірінші рет шығу кімге болса да оңай емес. Алайда ол өзіне жүктелген міндетті толық орындай алды», - деді Семак. <br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или