«Ертіске» Гондурас құрамасының шабуылшысы ауысты

«Ертіске» Гондурас құрамасының шабуылшысы ауысты

Павлодарлық «Ертіс» Гондурас құрамасының шабуылшысымен ресми түрде келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosport.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

<span>Эдди Габриэль Эрнандес Падилья футбол мансабын туған жерінде, «Платенсе» клубында бастаған. 2007 жылы Эдди Гондурас чемпионатында алғаш рет өнер көрсетті. 2012 жылы швециялық «Хеккен» командасына ауысқан.</span><span> Бұдан бөлек, «Олимпия», «Вида», «Коррекаминос» (Мексика) ұжымдары сапында ойнаған. 2014/2015 маусымында Гондурастағы Апертура біріншілігінде үздік шабуылшы атанды. Павлодарлық командаға Гондурас елінің «Мотагуа» клубынан ауысты. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или