«Кальяри» ойыншысы допингпен ұсталды
«Кальяри» ойыншысы Жоау Педру допингпен ұсталды. Бұл туралы Football Italia хабарлады.
Ойыншының қанынан гидрохлоротиазид табылған. Тексеріс Италия чемпионаты аясындағы «Сассуоломен» ойыннан соң жүргізілген.
Қазіргі уақытта ойыншы тексеріс аяқталғанға дейін жасыл алаңға шыға алмайды.
Биылғы маусымда Жоау Педру 23 ойынға қатысып алты гол соққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или