«Астананың» екі футболшысы Беларусь құрамасына шақырту алды
Беларусь құрамасы 19 және 27 наурыз аралығында қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиынын өткізіп, жиын аясында Словения және Әзербайжанға қарсы жолдастық кездесу өткізеді.
<span>Беларусь құрамасының бапкерлер штабы құрамаға «Астана» футбол клубының екі ойыншысын – қорғаушы Игорь Шитов пен жартылай қорғаушы Иван Маевскийді шақыртты. </span>
<span>Шитов құраманың соңғы бірнеше кездесулерін босатқанымен, елордалық команда сапында еурокубоктерде жақсы ойын өрнегін көрсетіп, бапкерлер құрамының назарын өзіне аудара білді. Беларусь құрамасы Әзербайжанмен 23 наурыз күні Бакуде ойнаса, Словениямен 27 наурыз күні Любянда кездеседі.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или