«Фиорентинаның» капитаны не үшін қайтыс болғаны белгілі болды

«Фиорентина» командасының капитаны Давиде Астори не үшін қайтыс болғаны белгілі болды.

31 жастағы қорғаушы командасымен бірге Италия А сериясының 27-ші туры аясында ойын өткізу үшін 4-ші наурыз күні Удинезе қаласына келген. Өкіншке орай, қонақ команданың капитаны таңертең ұйқысынан ояна алмаған беті, аттанып кеткен. Қайғылы оқиғаға байланысты аталған кездесу кейінге қалдырылды.
La Repubblica басылымы футболшының денесін ашып, тексергеннен соң оның брадиаритмиядан қайтыс болғаны белгілі болды деп жазды. Брадиаритмия - жүрек соғысының бұзылуы, бұл кезде жүрек соғысының жиілігі қажетті межеден тым азайып кетеді.
Айта кетейік, Астори 2008-2016 жылдар арасында «Кальяриде» ойнаған. Кейін «Фиорентинаға» ауысып, 2017 жылы команда капитаны атанды.