«Астана» сапынан 12 ойыншы Қазақстан Ұлттық құрамасына шақырту алды
Қазақстан құрамасы Венгрияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, Венгрия және Болгария құрамаларына қарсы екі жолдастық кездесу өткізеді.
<span>Станимир Стоилов бастаған бапкерлер құрамы еліміздің басты командасы сапына «Астана» футбол клубының 12 ойыншысын шақыртты. </span>
<span>Олар: қақпашылар: Ненад Эрич және Александр Мокин, қорғаушылар Сергей Малый, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Евгений Постников, Абзал Бейсебеков, жартылай қорғаушылар Серікжан Мужиков, Бактиер Зайнутдинов, Юрий Перцух, шабуылшылар Алексей Щеткин және Роман Муртазаев. </span>
<span>Станимир Стоилов шәкірттері 23 наурыз күні Венгрияға қарсы жолдастық кездесу өткізсе, 26-сы Болгарияға қарсы ойнайды.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или