«Астана» сапынан 12 ойыншы Қазақстан Ұлттық құрамасына шақырту алды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасы Венгрияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, Венгрия және Болгария құрамаларына қарсы екі жолдастық кездесу өткізеді.

Станимир Стоилов бастаған бапкерлер құрамы еліміздің басты командасы сапына «Астана» футбол клубының 12 ойыншысын шақыртты.

Олар: қақпашылар: Ненад Эрич және Александр Мокин, қорғаушылар Сергей Малый, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Евгений Постников, Абзал Бейсебеков, жартылай қорғаушылар Серікжан Мужиков, Бактиер Зайнутдинов, Юрий Перцух, шабуылшылар Алексей Щеткин және Роман Муртазаев.

Станимир Стоилов шәкірттері 23 наурыз күні Венгрияға қарсы жолдастық кездесу өткізсе, 26-сы Болгарияға қарсы ойнайды.

Түпнұсқасы: fca.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер