«Құпия» ақпарат

«Барселона» мен «Арсеналдың» бұрынғы ойыншысы Алматыға келді

«Барселона» мен «Арсеналдың» бұрынғы ойыншысы Алматыға келді
news-banner7
mobile-news-top

Тәжірибелі футболшы Александр Глеб Алматы қаласына ұшып келді, деп жазады отандық басылымдар.

Бүгін таңертен Белорусь футболының аңызы Алматы қаласының әуежайында байқалған. Әзірге «Арсеналдың» бұрынғы ойыншысы оңтүстік астанаға не үшін келгені белгісіз. Алдын ала болжам бойынша Александр Глеб «Қайрат» клубымен келіссөздер жүргізеді. Бұған себеп, белорусь футболшысы мен «Қайраттың» басшысы Қайрат Боранбаев бұрыннан таныс.

Айта кетейік, 36 жастағы ардагер футболшы мансабында лондондық «Арсенал» мен каталондық «Барселона» секілді танымал командаларда доп тепкен. Бұдан бөлек немістің «Штутгарт», «Вольфсбург», англиялық «Бирмингем», түріктің Генчилербирлиги», «Коньяспор», ресейлік «Крылья Советов» және өз отанында «Динамо-Юни» мен БАТЭ сияқты командаларда өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер