Данил Цой «Тараз» командасына ауысты

Данил Цой «Тараз» командасына ауысты

22 жастағы жартылай қорғаушы Данил Цой «Тараз» командасымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды отандық басылымдар.

Данил Цой мансабын 2012 жылы «Тобылдың» жастар құрамында бастады. Бұдан бөлек «Болат-АМТ» және «Қайсар» командалары сапында доп тепті.

Ал оның соңғы командасы «Оқжетпес» болды. Көкшетаулықтардың негізгі құрамында бір ойынға қатысқан. Ал аталған команданың жастар құрамында 20 ойында алаңға шыққан.

Цой жаңа командасында 18-ші номермен өнер көрсететін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или