«Астана» командасы «Қайратты» үшінші мәрте ірі есеппен жеңді
«Астана» командасы алматылық «Қайратты» 3:0 есебімен жеңіп, клуб тарихындағы үшінші Суперкубогына қол жеткізді, деп жазады ел ордалық клубтың ресми сайты.
Бұл жеңіс «Астананың» алматылық командаға қарсы өткізген кездесулердегі ең ірі жеңістердің үздік үштігіне енді. Екі ұжым арасындағы ең ірі нәтиже 2011 жылы тіркелді. Ол кезде «Астана» «Қайратты» өз алаңында 6:1 есебімен тас-талқан еткен болатын. Аталмыш кездесуде астаналықтардың шабуылшысы Игорь Бугаев дубль авторы атанса, Марк Гурман, Ұлан Қонысбаев және Нұрбол Жұмасқалиев гол+пас жүйесі бойынша 2 ұпайдан жинаған еді.
Ал екінші ірі жеңіс те елордалық команда алаңында 3 жыл бұрын тіркелді. Ол кездесу 5:1 есебімен аяқталды. Ол ойында Рохер Каньяс дубль жасап, Фокси Кетевоамаға нәтижелі пас берген болатын. Онымен қоса, нәтижелі пас беріп, өзі де гол соққан Таңатт Нөсербаевты да айта кеткен жөн.
Суперкубок-2018 кездесуінде тіркелген 3:0 есебі елордалықтардың «Қайратқа» ірі жеңістерінің үздік үштігін түйіндеп тұр. Бұл ойында Иван Маевский бір гол, Марин Марин Томасов екі гол соқты.
Екі команда өзара 32 ойында кездескен. 13 рет «Астана» командасына жеңіс бұйырса, «Қайрат» - 10 мәрте жеңіске жеткен. 9 ойын тең аяқталған. Доп айырмасы – 44:39.