Рияд Махрез футболшылық мансабын аяқтайтынын жариялады

Рияд Махрез футболшылық мансабын аяқтайтынын жариялады

Англияның «Лестер Сити» командасында доп тебетін Алжир ұлттық құрамасының ойыншысы Рияд Махрез кенеттен мансабын аяқтайтынын жариялады, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

27 жастағы футболшы өзінің Facebook парақшасында денсаулық жағдайына байланысты футболдан кететінін жазған.

- Көптеген білікті дәрігерлермен сөйлесе келе мен мансабымды аяқтауға бел будым. Осындай маңызды сәтте мені қолдап-қуаттаған барша жанашыр жандарға алғыс айтамын. Сендер менің жүрегімде мәңгі қаласыңдар,- деп жазған екен Махрез.

Адамдар Махрездің әлі жас екенін есепке алып, оның футболдан кететініне сене алар емес. Көптеген жанкүйерлер футболшының Facebook парақшасына шабуыл жасалған болу керек деп болжап отыр. Ал «Лестер Сити» командасы бұл оқиғаға қатысты әлі ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

马赫雷斯FB截图

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или