Спортпен шұғылданар алдын және кейін тамақтану
Адам денесі жаттығу кезінде көп мөлшердегі азық-түлікті сіңіре алмайды. Сондықтан жаттығудың алдында тамақтануды ойыңыздан шығарыңыз. Бірақ, жаттығу көп күшті қажет етеді.
Спортпен шұғылдану алдында тамақтану
Көмірсулар энергияның ең жақсы көзі болып табылады. Сондықтан көмірсуларды жаттығу басталғанға дейін 3 сағат бұрын немесе кем дегенде бір сағат бұрын аз мөлшерде жеу керек. Сүт қосылған сұлы, пісірілген картоп, крекер, тосттар, джем немесе бал жағылған нан секілді өнімдер көмірсуларға бай болып келеді.
Спортпен шұғылданудан <span>кейін тамақтану</span>
Егер денеңіз физикалық жақсы жаттығып, бірақ 5 сағат бойы тамақтанбаған болсаңыз, қан глюкозасының деңгейі төмендейді. Бұл жаттығудың шамадан тыс болғанын көрсетеді. Ауру белгілері ашық білінбесе де, жаттығу қабілетіңізге теріс әсерін тигізеді. Жаттығу аяқталған соң екі сағат ішінде тамақтануға тырысыңыз.
Егер жаттығу сіздің тәбетіңізге кедергі келтірсе, мүмкіндігінше жоғары көміртегі бар тағаммен тамақтаныңыз. Осындай жағдайға сәйкес келетін тағамдар: сұлы печеньесі, жеміс, көкөніс, балық, тауық еті, пісірілген картоп, аршылған күріштен және тәтті жүгеріден жасалған салат, сұлы қосылған жеміс салаты. Көмірсулар әр түрлі жылдамдықта сіңеді, сондықтан қандағы қант деңгейі баяу немесе жылдам өсуі мүмкін.
Картоптан, наннан және күріштен өңдірілетін крахмал өз энергиясын баяу береді. Ал джем, бал, жемістер, шырындардағы қарапайым көмірсулар энергиясы тез білінеді.
ОҚИ ЖҮРІҢІЗ: Спорт және дұрыс тамақтану