Игуаин «Тоттенхэммен» ойынға қатысып қалуы мүмкін
«Ювентус» шабуылшысы Гонсало Игуаин Чемпиондар лигасының1/8 финалындағы «Тоттенхэммен» болатын қарымта ойынға қатысатын жиырма бір ойыншының қатарына енді.
Әу баста шабуылшы жарақатынан толық айықпау себепті ойынға қатыса алмайды деп күтілген.
Алайда Аллегри бапкер аргентиналық ойыншыны Лондонға баратын ойыншылар тізіміне енгізіп отыр.

Естеріңізге салсақ, қос команда арасындағы Туринде өткен ойын 2:2 есебімен аяқталған. Италияндық команда қатарынан екі голды да Игуаин соққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или