Италия құрамасының қорғаушысы, «Фиорентина» капитаны Давиде Асторидің жүрек тоқтауы себебінен көз жұмғаны белгілі болды. Мұнымен қатар, прокурор аталған фактіге сәйкес, қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді. Яғни футболшы кісі қолынан қаза тапқан болуы мүмкін деген болжам бар, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Football Italia басылымына сілтеме жасап.
Жексенбі күні Удинедегі қонақүйден 31 жастағы футболшы өлі күйінде табылды. Ол таңғы асқа шықпаған және телефонын көтермеген. Осыдан кейін әріптестері ол үшін уайымдап, бөлмесіне кіреді. Бастапқыда оның<span> </span>ұйықтап жатып қайтыс болғаны туралы<span> </span>хабар тараған еді.
«Кәсіби спортшының дәл осылай көз жұмғанына көпшілік сеніңкіремейді. Себебі, спортшылар әрдайым медициналық тексеруден өтеді. Ал осы тексерулер оның бойынан еш кінәрат таппаған еді», - дейді судья Антонио Де Николо.
Мұнымен қатар, прокурор футболшының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтып өтті.
«Біз абайсызда кісі өлімі болған деген күдікпен қылмыстық іс қозғаймыз. Әзірге істегі негізгі күдіктілер нақты анықталмады. Мамандар футболшының денесіне сейсенбі күні сараптама жүргізетін болады», - дейді ол.
Италия чемпионатының «Фиорентино» мен «Удинезе» арасындағы 27-тур матчы кейінге шегерілді. Бұдан кейінгі ойындардың да уақыты шегерілді. Италия құрамасында Астори 14 матч ойнап, бір гол соққан еді.<span><br /></span>