Асқар Қожабергенов «Екібастұз» командасын баптайды
Қазақстандық танымал мамандардың бірі Асқар Қожабергенов Павлодар облысының командасы «Екібастұзды» баптайды.

Осының алдында «Екібастұз» командасын жаттықтырған Александр Москаленко «Астана» футбол клубына ауысып, Григорий Бабаянның көмекшісі атанған болатын.

52 жастағы маман павлодарлық клубпен бірге екі жаттығу өткізіп үлгірген. Енді алдағы маусымда команданы биік белеске көтеруге шындап кірісетін болады.

Бірінші лига 15 сәуірде басталатындықтан жаңа бапкердің командамен танысып-білісуіне уақыт жетерлік.

Асқар Сейдахметұлы бұған дейін «Жетісу» және «Сұңқар» қатарлы командаларды баптаған. Сонымен қатар Дмитрий Огайдің бапкерлер штабында жұмыс істеген. Қазақстан ұлттық құрамасында Сергей Тимофеевтің көмекшісі болған.