Григорий Бабаян: Жолшиев жоғары деңгейде өнер көрсетуге дайын емес

Григорий Бабаян: Жолшиев жоғары деңгейде өнер көрсетуге дайын емес

«Астана» футбол клубының жаңа бас бапкері Григорий Бабаян отандық басылымдарға берген сұқбатында Бауыржан Жолшиевтің командада қалмау себебін түсіндірді.

- Клубтың жаттықтырушылары командадағы барлық ойыншыларға бірдей жоғары талаптар қояды. Бұрынғы көрсеткіштеріне қарап ешкімге жеңілдік жасамаймыз. Жолшиев талантты футболшы. Бірақ екі жыл бойы кәсіпқой футболмен айналысқан жоқ. Осы жағдай оның шеберлігіне өз кесірін тигізген көрінеді. Қазір ол физикалық тұрғыдан да, моральдық жағынан да жоғары деңгейде өнер көрсетуге дайын емес, - дейді Бабаян бапкер.

Естеріңізде болса, елордалық клубтың бұрынғы ойыншысы Бауыржан Жолшиев қаңтар айында командаға қайта оралған болатын. Маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарында клубпен бірге жаттыққанымен, бапкерлер күткендей өнер көрсете алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или