Юрий Перцух «балаларға арналған футбол» науқанына қатысты

Юрий Перцух «балаларға арналған футбол» науқанына қатысты

«Астана» Президенттік клубының құрамына енетін «Астана» футбол клубы балаларға арналған футбол науқанын қайта бастады, деп жазады елордалық клубтың ресми сайты.

Бұл акция бойынша 5 наурыз күні №52 мектеп-лицейінің «2» және «4» сынып оқушыларына ашық дене шынықтыру сабақтары өткізілді. Аталмыш сыныптың оқушыларына ашық дене шынықтыру сабағын «Астана» футбол орталығының жаттықтырушысы Ербол Мұсабаев пен елордалық команданың жартылай қорғаушысы Юрий Перцух жүргізді.

Ербол мен Юрий жылдамдық, допты алып жүру, пас беру сияқты футбол дағдылары бойынша балаларға өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сондай-ақ ашық сабақтың қызықты өтуіне «Астана» футбол клубының маскоты - «Барсик» өз үлесін қосып, іс-шара барысында балалардың көңілін көтерумен болды.

Ашық сабақ соңында №52 мектеп-лицейі оқушылары мен ұстаздарына естелік сыйлықтар мен 11 наурыз күні «Астана Арена» стадионында өтетін «Астана» және «Ақжайық» командалары арасындағы ойынға билеттер табыс етілді.

«Астана» футбол клубы стадионның Е8 секторын «отбасылық сектор» жасауды жоспарлап отыр. Ал балаларға арналған футбол науқанының қатысушылары өз ата-аналарымен бірге осы секторда «Астана» футбол клубының өз алаңындағы кездесулерінде елордалық командаға жанкүйерлік ететін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или