Саян Хамитжанов: Cуперкубоктағы жеңіс Григорий Бабаянға сенімділік береді

Саян Хамитжанов: Cуперкубоктағы жеңіс Григорий Бабаянға сенімділік береді
«Астана» футбол клубының Президенті Саян Хамитжанов футболдан ҚР Суперкубогында алматылық «Қайратты» 3:0 есебімен жеңген елордалық команданың жеңісі туралы өз пікірін білдірді.

- Суперкубок үшін өткен ойын – ел футболындағы жаңа маусымның басы. Осы бір жаңа маусымды жеңіспен және трофеймен бастағанымызға ерекше қуаныштымын. Біздің басты бәсекелесімізге қарсы соңғы ойындардағы сәтсіздіктерден кейін, бүгінгі жеңіс шынымен де қуантты. Бүгінгі тамаша жеңіспен команданың бас бапкері Григорий Бабаянды құттықтаймын. Бұл нәтиже оған ерекше сенімділік беретін болады.

- Суперкубоктағы жеңіс – Станимир Стойловтың жеңісі деуге бола ма?

-  Сөзсіз! Станимир команданың маусымға дайындалуына, бүгінгі кездесуде жеңіске жетуіне негіз қалап, команданың жарқын ойын көрсетуіне ерекше үлес қосқан азамат.  Бұл маман еліміздің басты командасы – Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері ретінде жарқын жеңістерге жетеді деп ойлаймын!

- «Астана» ішкі біріншіліктегі басты бәсекелесін осындай ірі есеппен жеңгенін ескеретін болсақ, алдағы маусымда чемпиондықты оңай жеңіп алады деуге бола ма?

-  Біз сөзсіз 5-ші мәрте чемпионаттың алтын жүлдесіне таласатын боламыз. Алайда, жыл өткен сайын ол қиын болып бара жатыр. Естеріңізде болса, өткен маусымда «Қайрат» командасы бізден небәрі бір ұпайға ғана қалып қойған еді. Мен біздің ұжымды және алматылық команданы чемпионаттың басты фавориттері деп есептеймін. Дегенмен, оқу-жаттығу жиындарындағы отандық клубтардың дайындығына назар салатын болсақ, осы екі командаға бәсекелес бола алатын бірнеше ұжым бар. Жылпы, маусым тең дәрежеде басталады. Ал бүгінгі ойынға келер болсақ, сіз айтқандай жеңіс оңай келген жоқ. Біздің ойында есеп ашу сәтінде жолымыз болды. Одан кейін, алматылық команда ашылып өнер көрсете бастады. Бірінші голға дейін таразы басы қай жақта басым боларын білген жоқпыз. «Қайратқа» қарсы ойын оңай болған жоқ.

- Осыдан 2-3 жыл бұрын Астанадағы «Қайратқа» қарсы Чемпионаттағы және Кубоктағы ойындарда оңтүстік астананың жанкүйерлер қарасы көп болушы еді. Ал қазір жағдай өзгерген. Осы жағдайды немен байланыстыруға болады?

- Біздің команда өзінің жарқын жеңістері арқылы жыл сайын жанкүйерлер қатарын көбейтіп келе жатыр. «Астананың» ойындарына отбасыларымен келетіндер өте көп. «Астана Арена» стадионында жас бүлдіршіндер мен жастарды жиі көретіндігімізге қуаныштымыз. Біздің фанаттық базамыз да өсіп келеді. Жанкүйерлер мәдениеті артып, стадионға клубтың атрибуттарымен келетін көрермендер қатары мол. Толеранттылық пен қарсыласқа деген құрмет, агрессиясыз қолдау мәдениеті «Астана Арена» стадионына көбірек жанкүйерлер тартады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, біздің жанкүйерлерімізді, әсіресе «12 ойыншы» фан клубын «Суперкубокпен» құттықтағым келеді! Біз үнемі біздің авангард жанкүйерлеріміздің жылы қолдауын сезінеміз және олардың шынайы сезімдері үшін ризамыз!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или