Марко Станоевич: Бұл менің «Астана» сапындағы алғашқы жүлдем және соңғысы емес деп ойлаймын
- Біз «Қайратқа» қарсы ойынға тыңғылықты дайындалдық және барлығы өз қалағанымыздай болды. Шабуылда да, қорғаныста да ұқыпты ойын көрсеттік. Өзімізде болған мүмкіндіктерді сәтті пайдаланып, үш гол соғып, Қазақстан Суперкубогында жеңіске жеттік.
- Бұл елордалық команда сапындағы алғашқы трофейіңіз. Қандай әсердесіз?
- Суперкубокта жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын! Бұл менің «Астана» сапындағы алғашқы жүлдем және соңғысы емес деп ойлаймын (күледі).
- Бас бапкер үзіліс кезінде не айтты? «Астана» екінші таймда толықтай басымдыққа ие болды?
- Біз бірінші таймда гол соға алмадық. Шынын айтар болсақ, бірінші таймда командаларда ондай мүмкіндіктер де бола қойған жоқ. Екінші таймда жеңіс үшін алаңға шығып, 3 гол соғып, лайықты жүлдеге қол жеткіздік.
- Алдағы маусымнан не күтесіз?
- «Астана» командасынан не күтуге болады дейсіз бе? Әрине, тек қана жеңіс. Қазақстан чемпионы атанып, еурокубоктардың топтық кезеңіне шығу.