А Сериясының 27-турындағы 7 матч кейінге шегерілді

А Сериясының 27-турындағы 7 матч кейінге шегерілді

Италиялық А Сериясының басшылығы «Фиорентина» капитаны Давиде Асторидің қайтыс болуына байланысты 27-турдың қалған матчтарын кейінге шегерді.

Астори Удине қаласындағы қонақүйдің нөмірінен өлі күйі табылған. «Фиорентина» бұл қалаға бүгін 27-тур аясында жергілікті «Удинеземен» кездесу үшін келген еді.

Кейінге шегерілген ойындардың ішінде Италиядағы атақты матчтардың бірі  «Милан» - «Интер» кездесуі бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или