Магомед Парагульгов: Жеңіске деген жігер танытып, «Астананы» ұтуға болады
2017 жылғы маусымда ашылған жаңа есімдердің бірі, «Қайрат» ФК жартылай қорғаушысы Магомед Парагульгов өз командасының даярлығы туралы және елордалық ұжымды қалай жеңуге болатындығы туралы сұхбат берді.
- Магомед, алматылық команданың маусымға деген дайындығын қалай бағалайсың?
- Дайындық қарқынды жүруде. Маусымның басталуына қарай оптимальды күйімізге жақындап қалдық. Физикалық, тактикалық және техникалық даярлықты пысықтаудамыз. Күннен күнге команданың ойыны жақсарып келе жатыр.
- ОЖЖ барысында «Қайраттың» ойын өрнегі қаншалық өзгеріске ұшырады?
- Ойын біршама жаңарды деп ойлаймын. Команданың жақсы жақтары да бар, жағымсыз жақтары да болды. Қателіктерді жоюға тырысудамыз. Менің ойымша, әр команданың ойын өрнегінде өзінің минустары болады.
- Жаңа маусымның Суперкубогы үшін «Астана» мен «Қайрат» таласпақ. Суперкубок аясында бұл кездесу алматылық және елордалық ұжымдардың төртінші ойыны болады. Алдағы матчтан не күтесіз?
- Менің ойымша, бұл ойын жанкүйерлер үшін өте маңызды. Аталған кездесуде жеңіске жетіп, жаңа маусымды жақсы көңіл-күймен бастауға болады. Бізде алға қойылған мақсаттар бар, оларды міндетті түрде орындауға тырысамыз.
- «Астананың» дайындық кезіндегі ойындарын қарауға мүмкіндік болды ма?
- Елордалықтардың тек еурокубоктардағы ойындарын қарай алдым, себебі бізде жаттығулардан тыс бос уақыт аз болды. Маусым басталғанша, әлі көп жұмыс жасалуы тиіс, сондықтан тек өз командамның дайындығына көңіл бөлемін.
- Қыста қос команда құрамдары жаңарды. Кабананга мен Гоудың чемпионаттан кетуі- біз үшін жағымсыз жаңалық. Сіздің пікіріңізше, бұл шабуылшылардың болмауы қос команданың нәтижелеріне және суперкубоктық ойынның нәтижесіне кесірін тигізуі мүмкін бе?
- Иә, әрине, кесірін тигізеді. Бірақ қос команда бұл ойыншылардың орнын басатын шеберлерді табуы тиіс. Бізді бұл мәселе алаңдатпайды. «Қайратқа» тиісті ойын өрнегін көрсетуді жоспарлап отырмыз.
- «Астананы» қалай ұтуға болады?
- Жеңіске деген құштарлық көрсетіп, қарсыластан басым түсуге ұмтыламыз. Кездесу біздің команданың жеңісімен аяқталады деп сенемін.