Ресейде өтетін Әлем чемпионатында бейнеқайталау жүйесі қолданылатын болды

Ресейде өтетін Әлем чемпионатында бейнеқайталау жүйесі қолданылатын болды

<span>Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) 2018 жылғы Әлем чемпионатында бейнеқайталау техникасының (VAR) көмегін пайдалануды мақұлдады. </span>

Бұл шешім Цюрих қаласында өткен халықаралық футбол қауымдастығы Кеңесінің (IFAB) отырысында мақұлдаудан өтті. Енді осы жазда Ресей жерінде өтетін Әлем чемпионатында төрешілер бейнеқайталау жүйесінің көмегін пайдаланатын болады.<br /><br />Бейнеқайталаудың көмегін бүгінде ірі чемпионаттардан Германия Бундеслигасы мен Италия А сериясы пайдаланып отыр. 

Бұдан бөлек өткен жылы клубтар арасындағы әлем чемпионатында да бұл жүйе пайдаланылған болатын. Санаққа негізделгенде өткен екі жылда 1000-нан аса кездесуде бейнеқайталау жүйесі қолданылған екен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или