Пиралы Алиев «Атырау» командасына ауысты

Пиралы Алиев «Атырау» командасына ауысты

34 жастағы жартылай қорғаушы Пиралы Алиев «Атырау» командасына ауысты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Алиев соңғы үш маусым бойы «Ертіс» сапында доп тепті. Ол павлодарлық команда қатарында 65 кездесуде алаңға шығып, 3 гол соққан.

Қазақстан Премьер-Лигасында ол «Ертістен» басқа «Жеңіс», «Қайрат», «Жетісу», «Астана», «Тобыл», «Ордабасы» қатарлы командаларда доп тепкен.

Тәжірибелі футболшы «Атырау» командасының жейдесін бірінші рет кигелі отырған жоқ. Ол бұған дейін де атыраулық клуб сапында 64 ойынға қатысқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или