Григорий Бабаян: Ертеңгі кездесуде нақты фаворит жоқ
«Астана» футбол клубының жаңа бас бапкері Григорий Бабаян алматылық «Қайрат» командасына қарсы өтетін Қазақстан Суперкубогы матчы қарсаңында футболшылардың дайындығы туралы баяндап берді, деп хабарлайды, елордалық клубтың ресми сайты.

Жаңа бапкер ертең Еуропалық футбол көрсетуге тырысатын екі команданың кездесетінін айтып, бұл кездесуде нақты фаворит жоқ екенін еске салды.

- «Қайратпен» өтетін ойын алдында Стоиловтан ақыл-кеңес алдыңыз ба? Стоиловтың ұлттық құрамаға ауысуын қалай қабылдадыңыздар?

- Станимирмен төрт жыл жұмыс істедім және қаншама жетістікке жеттік. Еуропада сәтті ойнадық. Бірақ бірінші наурызда жолымыз екіге бөлінді. Мен «Астанада», ол ұлттық құрамада жұмыс істейді. Қарым-қатынасымыз жақсы, әрі қарай араласа береміз. Себебі командамызда ұлттық құрамада ойнайтын спортшылар көп. Бірақ ойын алдында мен оның кеңесіне жүгінбедім. Жеке өзім екі жаттығу өткіздім. Станимир екі күн бұрын командамен қоштасты. Бұл ақпаратты естігенде бәріміз таңғалдық. Жаттығуды алып қарайтын болсақ ойыншылар Суперкубокты жеңгісі келеді. Тиісті бағытта жүріп келе жатқанымызды жаттығулар көрсетіп отыр.

- Стоиловтан не үйрендіңіз?

- Стоиловты Қазақстан футболы тарихындағы ең мықты жаттықтырушы деп есептеймін. Мен одан көп нәрсе үйрендім. Әр бапкерден үйренерлік нәрсені алдым, соның ішінде Стоиловтан үйренгенім көп болды. Сол үшін де оған рахмет айтамын.

- Сізді Моуриньюға ұқсатады, бұған қалай қарайсыз?

- Моуриньюға ұқсастығым туралы не деп жауап бере аламын. Мансабымда алғашқы қадамды жасап отырмын. Күн сайын үйреніп, әрі қарай өзімді дамытқым келеді. Нәтижесі қалай болатынын көре жатармыз.

- Команданың қарызы әлі жабылған жоқ деген сөз рас па?

- Команда алдында қарыздың бір бөлігін жапты. Жақын арада қалғанын да жабамыз деп уәде берді.