Келесі маусымнан бастап Испания Ла лигасында бейнеқайталау жүйесі қолданылады
Испания Ла лигасы ресми түрде 2018/19 жылғы маусымнан бастап VAR бейнеқайталау техникасының көмегіне жүгінетіндерін жариялады.

Испания футбол федерациясы мен Испания Ла лигасының жауапты тұлғалары пікір бірлігіне келді. Енді екі тарап селбесе отырып, келесі маусымнан бастап жаңа технологияны енгізетін болады.

Испаниялық төрешілер наурыз айынан бастап бейнеқайталау жүйесін пайдалануды үйрене бастайды. Бірақ, осы маусымда бұл жүйе қолданылмайды.

Бейнеқайталаудың көмегін бүгінде ірі чемпионаттардан Германия Бундеслигасы мен Италия А сериясы пайдаланып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или