Бауыржан Исламхан: Кімнің мықты екендігін ертеңгі ойын көрсетеді
Қазақстан Республикасы Суперкубогы үшін «Астана» - «Қайрат» командалары ертең «Астана Арена» стадионында кездеседі. Осы ойынның алдында алматылық команданың капитаны Бауыржан Исламхан баспасөз жиынына қатысып, журналистердің сұрақтарына жауап берді деп жазады елордалық клубтың ресми сайты.
- Қайырлы күн құрметті достар! Ертең бұйырса маусымның алғашқы ойыны. Кездесуде кімнің фаворит екендігі туралы артық ештеңе айтқым келмейді. Барлығын ойын көрсетеді.
- Команда сапында бірнеше өзгерістер орын алды. Алматылық команданың үздік сұрмергені Жерар Гоу командадан кетті...
- Иә команда құрамында бірнеше өзгерістер болды. Біздің командадан бір ойыншы кетсе, орнына екі ойыншы келді. Сондықтан онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Жерар елімізде өткізген бірнеше маусымда өте көп гол соқты. Команда сапына келген ойыншыларды біз өз қатарымызға жылы қабылдап, сіңісіп кетуі үшін барлығын жасайтын боламыз.
- Оқу-жаттығу жиындары қалай өтті?
- Бұл сұрақтаға бас бапкер жауап беруі тиіс деп ойлаймын.
- Бірнеше күн бұрын Станимир Стоилов Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Осы туралы сіздің пікіріңіз?
- Бапкер Қазақстан туралы барлығын біледі. Менің ойымша, осындай тәжірибелі маманның Ұлттық құрама команда тізгінін ұстауы, біз үшін өте керемет жаңалық деп айта аламын. 4 жылдан бері елімізде қызмет жасап өте үлкен жоғары жетістіктерге жетті. Ел футболы туралы барлығын біледі деп ойлаймын. Біз Станимирдің қол астында Ұлттық құрамамен жоғары жетістіктерге жетуге тиіспіз.
- Сіз Ұлттық құрамаға шақырту алдыңыз ба?
- Әзірге жоқ. Бірақ, барлық ойыншылардың мүмкіндігі бар деп ойлаймын.
- Ертеңгі ойында «Қайрат» командасының ресми фанаттары болмайды. Осы жағдай кездесу барысына әсер етуі мүмкін бе?
- Шынымды айтсам, біздің еліміздің түкпір-түкпірінде жанкүйерлеріміз жетерлік.