Суперкубоктың ашылу салтанатына көп балалы және толық емес жанұяларда өмір сүретін балалар қатысады

Суперкубоктың ашылу салтанатына көп балалы және толық емес жанұяларда өмір сүретін балалар қатысады

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы маңызды матчтардың ашылу салтанаттарына балаларды шақыру дәстүрін жалғастырады, деп хабарлайды кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты.

2017 жылы Ақтөбе қаласында өткен ҚР Кубогының финалында «Қайрат» және «Атырау» ойыншыларымен бірге алаңға миы салдану диагнозы бар балалар шыққан болатын. Олар кездесуді ұйымдастыру және финалға қатысушылармен жақын жүрудің арқасында жағымды эмоцияларға бөленді.

4 наурыз күні де ҚКФЛ жас көмекшілерді футболшыларды алаңға алып шығару үшін ойынға шақырды. «Жан Досым» қоғамдық қоры ұсынған тізім бойынша көп балалы және толық емес жанұяларда өмір сүретін балалар тамаша футбол мейрамына, яғни 2018 жылғы Қазақстан Суперкубогының ашылу салтанатына қатысады. № 57 және 13 мектеп оқушылары «Астана Арена» стадионының жасыл алаңына өздерінің сүйікті ойыншыларымен бірге шығады.

- Қоғамдық қор, балалар және олардың ата-аналары атынан Қазақстан кәсіпқой футбол лигасына бұл тамаша акцияға қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын, - деді «Жан Досым» қоғамдық қорының Атқарушы директоры Назира Сеитова. – Бұл балалар үшін үлкен құрмет. Біздің бүлдіршіндер Қазақстан құрмасында өнер көрсететін және халықаралық жарыстарға қатысатын ойыншыларды көруге қуанышты болатынына мен сенімдімін.

Суперкубок үшін кездесу 2018 жылдың 4 наурызында елордалық «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойынның басталуы – 15:00-де. Билеттерді «Тикетон» қызмет көрсету сайтында және Астана қаласындағы «Меломан», «Керуен» ОСО және «Мечта» СО серіктес дүкендерінде сатып алуға болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или