Деспотович атақты Дэвид Бекхэм доп тепкен командаға ауысуы мүмкін
«Астананың» сербиялық шабуылшысы Джордже Деспотович жақын арада командадан кетіп, мұхит асып доп тебуі мүмкін.

Отандық басылымдар таратқан ақпаратқа сенсек, 26 жастағы футболшы АҚШ елінің MLS лигасына ауысуы мүмкін. Калифорния штатының намысын қорғайтын «Лос-Анджелес Гэлакси» командасы Деспотовичке қызығушылық танытып отырған көрінеді.

Аталған команда жанкүйер қауымға атақты англиялық футболшы Дэвид Бекхэм доп тепкен кезде танылды. Англия құрамасының бұрынығы капитанынан бөлек калифорниялық командада Робби Кин, Стивен Джеррард, Найджел де Йонг, Лэндон Донован, Карло Кудичини қатарлы танымал футболшылар өнер көрсеткен. Ал бүгінде Англия құрамасының тағы бір ойыншысы Эшли Коул осы команданың намысын қорғап жүр.