Қазақстан Суперкубогына билеттер сатылымы басталды
«Астана Арена» стадионының кассаларында 2018 жылғы «Астана» мен «Қайрат» футбол клубтары арасында сарапқа салынатын Қазақстан Суперкубогына билеттер сатылымы басталды, деп хабарлайды Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы.
Касслардың жұмыс жасау тәртібі – 10:00-ден 20:00-ге дейін. 4 наурыз, ойын күні, кассалар 10:00-ден бастап бірінші таймның соңына дейін ашық болады.
Сонымен қатар, билеттерді «Тикетон» қызмет көрсету сайтында және Астана қаласындағы «Меломан», «Керуен» ОСО және «Мечта» СО серіктес-дүкендерінде сатып алуға болады.
Суперкубок үшін кездесу 2018 жылдың 4 наурызында елордалық «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойынның басталуы – 15:00-де.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или