Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов «Уфа» клубының ойыншысы Еркебұлан Сейдахметті Венгрия және Болгарияға қарсы жолдастық кездесулерде ойнауға шақырған. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі мәлім етті.
Сейдахмет ұлттық құрамаға шақырту алды
«Тараз» клубының 17 жастағы шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет Ресейдің «Уфа» командасымен келісімшартқа отырған болатын. Жақын уақытта ол Қазақстан құрамасының сапында ойнауы мүмкін.
«Сейдахметтің шақырту алғанын растаймын. Мен оған футболдың жауапкершілігі мол жұмыс екенін түсіндіргім келеді. Қазір оның айналасында көптеген шу, фотосуреттер, әңгіме өрбіп жатыр. Бұл циркті тоқтату керек. Ол «Уфа» сапында әлі ешқандай ойын ойнамады», - деді ол.<span><br /></span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или