«Астананың» бас бапкері анықталды
Станимир Стоилов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ретінде тағайындалғаннан кейін, «Астана» командасының тізгінін Григорий Бабаян ұстады.
<span>Григорий Константинович «PRO» жаттықтырушы санатына ие, ұзақ уақыт бойы Қазақстан құрамасында, «Астана», «Цесна» және «Алма-Ата» футбол клубтарында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарған. </span>
<span>Бабаян әр кезеңде Мирослав Беранек, Бернд Шторк, Антониус Йора, Иоан Андоне, Юрий Красножан, Олег Протасов және Станимир Стоиловтың жаттықтырушылар құрамында жұмыс істеді. </span>
<span>2014 жылы қазақстандық маман елордалық команданы маусымға дайындап, сол жылдың жазына дейін бас бапкердің міндетін атқарды. </span>
<span>Бапкер ретінде Қазақстан Чемпионатында төрт мәрте жеңімпаз атанып, үш рет Кубокта және Суперкубокта топ жарды.</span>