Абзал Бейсебеков: Гоу мен Кабананганың орындарына жаңа шабуылшылар табылады
«Астананың» қорғаушысы Абзал Бейсебеков Қазақстан чемпионатындағы сұрмергендердің өз командаларынан кетіп қалғанына қатысты ойын айтты.
«Ел чемпионатында Жерар Гоу бірнеше маусым қатарынан үздік сұрмерген атанса, Жуниор Кабананга ішкі біріншілікпен қатар, еурокубоктарда «Астана» командасын алға сүйреді. Сондықтан, екі шабуылшының да біздің чемпионаттан кетуі командалардың алдағы маусымдағы нәтижелеріне кері әсерін беруі мүмкін. Алайда, уақыт бір орнында тұрмайды. Жуниор мен Гоудың орнын басатын команда сапында жаңа шабуылшылар табылатыны анық. Мен өз кезегімде, ол ойыншыларға жаңа командаларында сәттілік тілеймін», - деді Бейсебеков «Астананың» баспасөз-қызметіне берген сұқбатында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или