Бұл жөнінде чемпионатқа қатысушы елдер бапкерлерінің отырысында белгілі болды. «Ресей-2018» ұйымдастыру комитетінің басшысы Алексей Сорокин бұрын-соңды болмаған футбол мерекесін өткіземіз дейді.
Айта кетейік, кезекті Әлем чемпионаты 14 маусым мен 15 шілде аралығында болады. Оны Ресейдің 11 қаласы қабылдайды.
Алексей Сорокин, «Ресей-2018» ұйымдастыру комитетінің бас директоры:
- Әлем чемпионатына келетін құрамалар мен жанкүйерлерге барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Қажетті инфрақұрылымның өзіне 600 миллиард рубль жұмсалды. Тура 2 аптадан кейін дайындық жұмыстары толық аяқталады. Әсіресе өңірлерде төрткүл дүниеге танымал футболшыларды құшақ жая қарсы алуға дайын. Бәрі жоспардағыдай болып, әлемге ерекше футбол мерекесін сыйлаймыз<span> </span>