Ел чемпионатына қатысатын командалар тексерістен өтті
26 ақпан күні өткен Қазақстан футбол федерациясының футбол клубтарын сертификациядан өткізу комиссиясының отырысында төмендегі клубтарға 2018 жылы ҚФФ ұйымдастыратын жарыстарға қатысуға құқық берілетін сертификаттар берілді:
1. «Акжайык» ФК» ЖШС;
2. «Ақтөбе» ОФК» АҚ;
3. «Астана» ФК» ЖБ;
4. «Атырау» ОФК» АҚ;
5. «Жетісу» КФК» МҚКМ;
6. «Ертіс» ФК» ҚБ;
7. «Қайрат» ФК» ЖШС;
8. «Қайсар» ФК» ЖШС;
9. «Қызыл-Жар СК» ФК» ЖШС;
10. «Ордабасы» КФК» АҚ;
11. «Тобыл» ФК» ЖШС;
12. «Шахтер» ФК» АҚ.
Құқықтық, әкімшілік-кадрлық, спорттық және инфрақұрылымдық критерийлер бойынша ұсынылған құжаттар зерттеліп, футбол клубтарына 2018 жылдың 5 наурызына дейін түзетулер енгізуге кеңес беріледі. Қаржылық критерий бойынша мерзім 2018 жылдың 20 наурызына дейін созылады.