Милан Радин – «Ақтөбе» ойыншысы
«Ақтөбе» үшінші оқу-жаттығу жиынында тұрақтаған «Calista» қонақ үйінде бүгін серб жартылай қорғаушысымен келісімшартқа қол қойылды. Келісімшартқа ойыншы мен клубтың бас директоры Самат Смақов өз қолдарын қойды.
Амплуа – Жартылай қорғаушы
Туған жылы – 25.06.1991 (26 жас)
Азаматтығы – Сербия
Бойы/салмағы – 173 см
Өмірбаяны
Милан футболдағы алғашқы тәлімін Шайкаш қаласының «Борац» командасынан алды, кейін «Нови Садқа» ауысып, аталған клубта төрт жыл ойнады. Жастар командасының капитаны болып тұрған кезде басты командаға көтеріліп, 3 жылдық келісімшартқа отырды. 2009/10 жылғы маусымда алты айға «Югович Кач» клубына жалға беріліп, 8 доп соғып, үздік ойыншы атанды. «Сента», «Раднички» (Нова-Пазова) командаларында сәтті ойнап, «Младости» клубының ойыншысы атанды. 2016 жылы «Партизан» футбол клубының жейдесін киді.